Заказать звонок kz

Алғы сөз

Қымбатты достар,өзіңізге ұсынып отырған сана сезіммен жұмыс істеу трнажеры екінің біріне ашыла бермейтін тылсым ілімнің құпиясын өздеріңізге тартады.Осы ілімді пайдаланып,қаншама адамға көмектесіп,жолы болмай жүрген көптеген адамдар бақыт қа кенеліп ден- саулығын,от басындағы қарым-қатынасты,өмірін түзеп қаржы жағындағы барлық проблемаларды шешіп мыңдаған адам миллионер болып жатыр.Сіздерді рухани ілімді пайдаланып өміріңізді түзеуге шақырамыз.

Видео

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТҰҢҒЫШ ФИЛЬМ - ҚАТТЫ КҮЙЗЕЛІСТЕН КЕЙІНГІ ӨМІРГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚПЕН ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒУ

Өмір-күрес. Өмір-жарыс.

Жарыста жақсы нәтижеге жеткіңіз келсе,оның ережесін қабылдауыңыз керек. Өмір-құлдырау мен көтерілуден тұрады. Сондықтан сіз оны өмірдің заңдылығы деп қабылдау керексіз. Бірақ құлдырауды өмірдің заңдылығы екен деп еш əрекет етпей, жайбарақат жата беруге болмайды.Кризисті туындатқан себепті түсініп,тығырықтан шығар жол іздеп,алға қарай ұмтылу қажет. Сол жолдан адаспай,өмір емтихандарын жақсы тапсырудың ең бірінші жолы ол-өзіңді өзің тану,өзіңді өзің сыйлау,өзіңді өзің қадірлеу. Өмір деген -Алланың берген сыйы. Өмірдің ащы да,тəтті кезеңдері болады. Бұл кезеңдерді жеңе білу керек. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы,жарқын өмір сүруі тиіс. Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам барма? деген сұраққа кім болсада ,жоқ ,өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын,мағыналы өмір сүруге əрекет етуге тырыспайтын адам болмайды,-деп жауап беретін  болар.

Өмірдің күрестен тұратынын бізді қоршаған ортадан да көруге болады. Неге осы менің басымнан проблема арылмай-ақ қойды, өзгелерге қарасаң төрт құбыласы түгел ғой деп өмірге өкпе артуды қою керек. Өйткені Сіз қызыққан,осының проблемасы жоқ деген адамдардың жағдайы тіптен мүшкіл болуы мүмкін. Сіз өмір сүріп жатқан уақытта проблеманың таусылуы мүмкін емес. Өмірден өткенде ғана жаныңыз жай табады. Оған дейін күресесіз ,жеңілесіз,жеңесіз,дамисыз. Сондықтан өмірге шынайы қарау керек.Бұл өмірде адамдарда екі таңдау бар -күресіп,алға ұмтылып, жеңіске жету немесе бəріне көніп,қол қусырып қарап отыру.
Жас кезде қателесуден қорықпайық. Қайта олардан сабақ алалық.Қартайғанша қателесумен өмір өткізуден сактасын.